«Миялы–Жангелдин» аралығындағы айналма жол жабылады

0adcc841 6fde 4d82 9232 a35c5f99a243 Жаңалықтар

Қызылқоға ауданы «Миялы–Жангелдин» аралығындағы көпір құрылысы жүріп жатқан жердегі айналма жол жабылады. Бұл туралы Қызылқоға аудандық әкімдігі хабарлады.

Сала қызметкерлерінің айтуынша, алдағы уақытта көлік қозғалысында ешқандай кедергі болмас үшін айналма жолға қосымша су өткізгіш құбыр салынып, топырақпен биіктетіледі.

–Миялы-Қарабау-Индер бағытындағы облыстық маңызы бар тас жолдың жырылған жеріне көктемгі өр суының тасып, көпір салып жатқан аумақты су басқаны белгілі. Ендігі уақытта бұл жерде автокөліктердің жүрісінде мәселе туындамас үшін аталған жұмысқа кірісіп кеттік. Айналма жол уақытша жабылатындықтан Миялыдан шығатын жолаушылар болса ауылдан шығып, үлгеруі сұралады, – дейді аудандық әкімдік өкілдері.

Айта кету керек, жол 29 наурыз сағат 00.00-ден 30 наурыз сағат 17.00-ге дейін жабылады.

Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз