МИ-8 тікұшағы апатынан қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 5 жылдық жалақы мөлшеріндегі бір реттік өтемақы төленеді (+ВИДЕО)

f7742d667d58e08d03a6999798a6b730 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/5 сәуір, 2019 жыл. МИ-8 әскери тікұшағы апатында қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 5 жылдық жалақы есебінде бір реттік өтемақы төленеді.

Баспанасы жоқтарға пәтер беріледі. Заңда көрсетілген міндетті көмек жайлы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров мәлім етті.

«Астана» арнасының хабарлауынша, қазіргі уақытта бірінші санаттағы әскерилердің айлығы 140 мың теңгеден басталады. Яғни, қаза болған офицерлердің үй-іші 8 миллион теңгедей жәрдемақы алмақ.

Ал, жалақысы 60-70 мың теңге шамасындағы келісім-шарттағы сарбаздардың жанұясы 4 миллионнан кем емес қаржылай көмек иеленеді.

Еске салсақ, қоғамды дүр сілкіндерген қайғылы оқиға 27 наурыз күні болған еді. Қызылорда облысының Жалағаш ауданы маңында әскери тікұшақ құлап, борттағы 13 әскери қызметкер с қаза болған еді. Қазіргі таңда мемлекеттік комиссия құрылып, апаттың себептері анықталып жатыр.

«Atr – Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз