Жаңалықтар

Мерекеге арналған автошеру

Атырау – Доссор тасжолының бойынан Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкенов  Жылыой ауданының әкімі Мақсым Ізбасовтың  қолынан «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты облыстық эстафетасының төл белгісін салтанатты түрде қабылдап алды.

%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d0%b3%d0%b5-%d0%b0%d1%80%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d2%93%d0%b0%d0%bd-%d0%b0%d0%b2%d1%82%d0%be%d1%88%d0%b5%d1%80%d1%83

Айта кетейік, Тәуелсіздік белгісі Атырау қаласының күні қарсаңында Құрманғазы ауданына алғаш жол тартқан болатын. Кейін ол кезекпен облыстың әр ауданына жеткізілді. Ал, бір апта бұрын оны Жылыой ауданы қабылдап алған-ды. Енді Атырау қаласына қайта оралып отыр. Мақсым Шафихұлы Тәуелсіздік символына айналған белгіні Атырау қаласының әкіміне табыстай отырып игі тілегін айтты:

— Бүгінгі мерекенің мәні өте зор. Өйткені, дәл қазір екі айға созылған облыстық эстафета өз мәресіне жетіп отыр. Рас, ел болып жеткен жетістіктеріміз бен толағай табыстарымызды бүгінде барша әлем жұрты мойындап отыр. Бұл ретте мұнайлы мекен халқының қосқан үлесі аз емес. Кеше ғана өңірімізге іссапармен келген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі атыраулықтардың ерен еңбегіне жоғары баға берді. Еліміздегі «қара алтын» қорының 38 пайызын және «көгілдір отынның» 32 пайызын Кең Жылыой өңірі беріп отырғандығын зор мақтынышпен айтқым келеді, — деп естелікке «алтын адам» бейнеленген портретті сыйға тартты.

Ал, орта және арнаулы оқу орындарының шәкірттері бүгінгі атыраулықтардың бақытты ғұмырын бейнелеген түрлі түсті әсем шарларды аспанға ұшырды. Осыдан кейін жиналғандар батыр жерлестеріміз Исатай мен Махамбет, Мемлекеттік Әнұран авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденов, ақиық ақын Фариза Оңғарсынованың ескерткіші мен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына арнап «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды. Соңында қаздай тізілген 25 автокөлік сап түзеп, көк Туды желбірете қаланың орталық көшелерінің бойымен жүріп өтті.

Амандық Сағынтайұлы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button