Маскасыз жүргендерді суретке түсіріп, айыппұл салып жатыр ма?

557331 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Қазнет пайдаланушылары елді мекендерде көшеде жүрген топтар адамдарды суретке түсіріп, медициналық маскасыз жүргендердің тұлғасын анықтайды, содан кейін ол адамдар айыппұл салынғандығы туралы хабарламалар алады деп жазуда. Қазақстанда мұндай шаралар іске асырылып жатқан жоқ.

2020 11 13 17 36 09

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті айыппұл салудың мұндай схемасы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Полиция қызметкерлерінің бақылау топтарымен бірге ойын-сауық орындарын, кейде көшеде адамдарды тексеретіні рас. Бірақ бұзушылық анықталған жағдайда, олар рапорт дайындап, құқық бұзушыдан жазбаша түрде түсініктеме алуы керек. Содан кейін барлық құжаттар өңірлердегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қарауына ұсынылады. Тек сонда ғана айыппұл салынады. Фотосурет бойынша ешкім айыппұл салмайды», – деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

«stopfake.kz»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз