snimok 2

МАҢЫЗДЫ! Аптап ыстық және өрт қаупі: синоптиктер ескерту жасады

Жаңалықтар
4 / 100

Ертең тоғыз облыста аптап ыстық болады және бірқатар өңірде өте жоғары өрт қаупі күтіледі деп ескертті синоптик мамандар.

Ертең күндіз Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерде өткінші жаңбыр жауады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде, Алматы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Жамбыл облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі

Түркістан, Атырау облыстарының кей жерінде жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі деп жоспарланып отыр.

Жамбыл, Қызылорда  облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз Жамбыл облысының тауларында бұршақ жаууы ықтимал, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз Алматы облысының тауларында желдің күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Спутник.кз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған