МҰСЫЛМАНДАР ПАРТИЯСЫ

АУСТРАЛИЯ. Халықтың 2,2 пайызын мұсылмандар құрайтын бұл елде Australian Muslim Party мұсылман партиясы құрылатын болады. Бұл туралы 34 жастағы cиднейлік кәсіпкер Диа Мұхаммед хабарлады.

 

«Біз Парламент Сенатының кезекті сайлауына елдің барлық штаттарынан үміткер ұсына алуымыз үшін, ұлттық сайлау кеңесіне тіркелуді жоспарлап отырмыз», – деді Диа Мұхаммед.

Оның айтуынша, соңғы кездері әлемдік деңгейдегі қақтығыстар жиілеп кетті. Сондықтан, мұндай ұйымның құрылуы дәл қазіргі уақытта өте маңызды екендігін атап өтті ол.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз