«Латын әліпбиін» жатсынбағанымыз жөн

20170912200717 Білім

«2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты».

20170912200717

Бұл Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасынан алынған сөзі. Жасыратын несі бар, бүгінде сөздің этимологиясына, яғни, қарапайым шығу тарихына, қайдан бастау алып, қалай пайда болғанына жіті мән берілмейді. Түбірі бір болғанымен, түрліше мағына беретін жаңа сөздер қаптап кетті. Ал, санаға сіңіп кеткен кірме сөздерді, соның ішінде, орыс тілінің терминдерін қазақша нұсқамен емес, кәдімгі қазақ сөздерімен ауыстыратын мезгіл жетті. Бұл ретте, латын әліпбиінің де берері мол екенін ескерейік.

Мәселен, «Абай жолының» үзіндісін оқып көрсек:

Қазақша нұсқасы:

Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне бала шәкірт барын салды. Қорықтан күн шыға атқа мінейік деп асыққан-ды. Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпаста өзі ойатып тұрғызып еді. Күн ұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған. Кей-кейде өзіне таныс Көкүйірім мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты қоныс-құдықтардың тұс-тұсына келгенде бала оқшау шығып, астындағы жарау құла бестісін ағызып-ағызып та алады. – Мына баланың ауылға асығуын-ай!

Латынша нұсқасы:

Üş kündik joldɪŋ bügingi, soŋǧɪ künine bala şәkirt barɪn saldɪ. Qorɪqtan kün şɪǧa atqa mineyik dep asɪqqan-dɪ. Bunɪ qaladan alɪp qaytqalɪ barǧan aǧayɪnɪ Baytastɪ da taŋ atar-atpasta özi oyatɪp turǧɪzɪp edi. Kün uzɪn attan da tüspey, özge jürginşilerden oq boyɪ alda otɪrǧan. Key-keyde özine tanɪs Köküyirim men Buwratiygen, Taqɪrbulaq sɪyaqtɪ qonɪs-qudɪqtardɪŋ tus-tusɪna kelgende bala oqşaw şɪǧɪp, astɪndaǧɪ jaraw qula bestisin aǧɪzɪp-aǧɪzɪp ta aladɪ… – Mɪna balanɪŋ awɪlǧa asɪǧuwɪn-ay!

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз