Лаңкестік лагерьлерде 500-ге жуық қазақстандық жүр

ЕАС 051 Жаңалықтар

Қазақстанның шамамен 500-ге жуық азаматы шет елдердегі лаңкестік лагерьлерде жүр. Бұл туралы бүгін Атырау облысына жұмыс сапарымен келген Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

ЕАС 051

«Қазіргі таңда Сирия, Ирак елдерінде террористер үшін жағдайдың қиындап жатқанын білесіздер. Содырлар шегіну жолдарын, соның ішінде, өздерінің бұрынғы тұрған жерлеріне қайту мүмкіндіктерін іздестіруде. Алайда, бұл олардың қылмыстық пиғылдан бас тартқандарын білдірмейді» деген министр, туған жерін тастап, шет елдік лаңкестік ұйымдардың жетегінде соғысуға кеткендердің әрекетін Отанына опасыздық жасаумен теңестірді.

ЕАС 067

Министрдің пікірінше, шет мемлекеттерде содырлық шабуылдарға қатысып жүрген қазақстандықтар арасында қылмыстық тәжірибе жинақтап, елімізге арам ниетпен оралу фактілері де тіркелуі мүмкін. Сондықтан да министр Нұрлан Ермекбаев еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес, террористік сипаттағы, басқа да ауыр қылмыс жасаған қазақстандықтардың азаматтығынан айрылуы мүмкін екендігін еске салды.

            Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз