Қызылорда облысындағы тікұшақ апатынан 13 адам көз жұмды (+ ВИДЕО)

photo 54839 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/ 28 наурыз, 2019 жыл. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі хабарлады.

 «27 наурызда ҚР Қарулы күштерінің тікұшағы апаты кезінде бортта болған 13 әскери қызметкер қаза тапты. Қазақстан Қарулы күштерінің жеке құрамы қаза болған жолдастарының жақындары мен туыстарына көңіл айтады. Қорғаныс министрлігінің басшылығы моральдық және материалдық көмек көрсетеді», – делінген хабарламада.

Еске сала кетелік, бұған дейін Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы құлағаны хабарланған еді. 

Қайғылы оқиға кеше, яғни, 27 наурызда орын алды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Төрт тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және «Алтын жебе» арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған.

Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен арнайы комиссия құрылды. Қазіргі уақытта комиссия оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. 

Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің мәліметінше, МИ-8 Қызылорда облысы Жалағаш ауданында құлаған. Тікұшақ белгісіз жағдайларда апатқа ұшырап, толықтай өртеніп кетті.

Қазіргі уақытта екі тік ұшақ Қызылорда қаласына қонды. Бір ұшақ оқиға орнына оралды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз