«Күшіміз – бірлікте» – жаңа мекен-жайда

5cad37ac af3d 487e a88a 85b117337ef2 Жаңалықтар

Бұдан бұрын Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты «Күшіміз – бірлікте» акциясының негізінде ашылған арнайы пункт Жастар ресурстық орталығында болған еді. Бүгіннен бастап аталған пункт Атырау қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 79 («Салтанат сарайы» жанындағы көрме залы) мекен-жайына ауысты.

Жастар ресурстық орталығының басшысы Мансия Сағидоллаеваның айтуынша, тасқын судан зардап шеккен ауылдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек, гигиеналық құралдар жиналып жатыр.
-Сондай-ақ бөгет жұмысына көмектесіп жүрген еріктілерге күрек, топырақ салатын қапшық, қолғаптар керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, керек-жарақтарды қабылдау қызметі жалғаса береді, – деді орталық басшысы.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз