Жарнама
Ауыл шаруашылығы

Суға толы сай-сала — шаруагерге олжа

Биылғы өр суы жайылмаларға шығып, біраз жыл құрғап қалған сай-саланы толтыруда. Бұл жағдай Жайық бойын жайлаған шаруагерлер үшін көптен күткен олжа. Бүгінде Индер ауданының шаруа қожалықтарының иелері жайылмаға су шыққанына қуанып, көңілдері тоқ. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тоқбай» ШҚ басшысы Сағат Садықов 1993 жылдан бері ауыл шаруашылығымен айналысып келеді. Қожалық иесі 30 жылдан соң келіп тұрған бұл суды табиғаттың бізге берген сыйы деп қабылдау қажеттігін атап айтты.

— Осыған дейін каналдан су алып егін ектік, бұл жұмыстарда тасымалға кететін шығыны бар, қолайсыздау болды. Ал, биылғы судың келуі бізге біраз көмек екенін ұмытпау керек. Су іргемізге келіп тұр. Ендігі уақытта мұны малға да, егінге де пайдаланамыз, — дейді Сағат Садықов.

Ұлболсын МАРСҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button