Жаңалықтар

Бірнеше жолда Zerek-2 камералары іске қосылды

Қазақстанда 20-дан астам жаңа камера жылдамдық асырғандарды түсіріп, олар туралы ақпарат жібере бастады.

Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, 20 мамырдан бастап Павлодар — Қалбатау, Бейнеу — Ақжігіт, Орал — Самара, Павлодар — Омск, Орал — Саратов тас жолдарында 21 «Zerek-2» аппараттық-бағдарламалық кешені штаттық режимде жұмыс істеп бастады.
Камера жылдамдық асырған жүргізуші туралы ақпаратты әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізіліміне жібереді.
Бір жыл бұрын дәл осындай бейнебақылау жүйесі Шымкент — Қызылорда, Шымкент — Өзбекстан шекарасы, Шымкент — Тараз, Тараз — Қайнар, Қонаев — Талдықорған және Астана — Павлодар тас жолдарында іске қосылған болатын.

Айта кету керек, мәжілісмендер полицияға көліктің орташа жылдамдығын анықтауға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button