Жарнама
Мәдениет

Нұршат — «Бес жұлдыздың» жеңімпазы

«Хабар» телеарнасының «Бес жұлдыз» мега-шоуына Қазақстанның әр өңірінен дарынды балалар қатысып, бақ сынады. Жобаға Атыраудан арнайы шақырту бойынша Әл-Фараби атындағы «BINOM SCHOOL» мектеп-лицейінің VIII сынып оқушысы Нұршат Құсанова қатысып, байқаудың гранд-финалына жолдама алды. Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасының Тәрбие орталығы хабарлады.

Нұршат — түрлі деңгейдегі өнер байқауларының жеңімпазы.
Байқаудың бірінші кезеңінде ол белгілі әнші Байтанат Әділбекпен «Ана» әнін орындап, ең жоғары – 9,93 ұпай жинап, маусым айының соңында өтетін финалға жолдама алды.

Айта кету керек, «Бес жұлдыз» шоуының әр бағдарламасында 5 үміткер бақ сынасады. Бірінші кезеңде қатысушылар жеке өнер көрсетті. Екінші кезеңде қатысушылар тәлімгерімен бірге алаңға шығады. Қойылымдарды сарапшылар бағалайды, ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз атанады.

Біз бұл өнер додасында да Нұршаттың жеңіс тұғырынан көрінуіне сенім артып, қадамдарына сәттілік тілейміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button