Жарнама
Жаңалықтар

Шұңқырға зерттеу жүргізілді


Махамбет өңірінде жерде пайда болған ойықты аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары зерделеп қайтты.

Бейбарыс ауылдық округінің әкімі Сейілбек Зұлхашевтің айтуынша, Қызылжар елді мекеніндегі шұңқырдың ұзындығы – 20 метр, тереңдігі 10 метр. Қазір қауіпсіздік шаралары үшін аумақ қоршалды. Атырау қаласынан 18 шақырым жердегі аймақта «Первомайский» ЖШС-нің шаруашылығы орналасқан. «Айналада төрт-түлік мал жоқ, тек «Қызылжар» зираты орналасқан» — деді жауаптылар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Махамбет ауданы әкімінің кеңесшісі Алшынбек Мұқанғалиев бұл жер ойығының өздігінен пайда болған қазан шұңқыр екенін және оның пайда болу себебі мен салдары зерттелетінін мәлімдеген болатын.

Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button