![Әскери қызметкерлерге - мың алғыс! 1 img 20240521 wa01791](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/img-20240521-wa01791.jpg)
Әскери қызметкерлерге — мың алғыс!
Атырау облысы аумағында орын алған көктемгі су тасқынымен күреске елеулі үлес қосқан әскери қызметкерлерді шығарып салу рәсімі өтті.
![Әскери қызметкерлерге - мың алғыс! 2 img 20240521 wa0177](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/img-20240521-wa0177-1024x682.jpg)
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, Атырау аумағында қалыптасқан су тасқыны қаупі жағдайына байланысты ҚР ТЖМ бұйрығымен төтенше жағдайдың алдын алуға және жоюға көмек көрсету үшін бірқатар күш, оның ішінде република Қорғаныс министрлігінің 85395 әскери бөлімінің 1000-нан астам күші мен құралдары жұмылдырылған болатын.
![Әскери қызметкерлерге - мың алғыс! 3 img 20240521 wa0176](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/img-20240521-wa0176-1024x682.jpg)
Бүгінгі күнге дейін аталған әскери бөлімнің 300-ге жуық әскери қызметкері Индер ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізді.
Салтанатты шығарып салу іс-шарасы барысында аталған департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Н.Селимов әскери ұжымға департамент бастығының атынан Алғыс хат табыстады.
![Әскери қызметкерлерге - мың алғыс! 4 img 20240521 wa0178](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/05/img-20240521-wa0178-1024x682.jpg)
Сондай-ақ облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов сын сағатта шұғыл әрекет етіп, өңірді тасқыннан қорғауға зор үлес қосқаны үшін әскери қызметкерлердің кеудесіне «Қас Батыр» медалін тағып, Алғыс хаттармен марапаттады.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ