Құқық

Атыраулық полицейлер мектеп радиосына сұхбат берді

Нашақорлық – қоғамды алаңдатып, ұлт саулығына қауіп төндіретін өзекті мәселелердің бірі. Оның ең осал бөлігі – жастар. Балалар мен жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, нашақорлықтан қорғау, есірткінің заңсыз айналымына қатысқаны үшін көзделетін жауапкершілікті түсіндіру мақсатында Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқасқармасының қызметкерлері №41 мектеп-гимназиясындағы «41FM» радиосына сұхбат берді.

Полицейлер 2000-нан астам оқушыға радио арқылы викториналық сұрақтар қойып, есірткі қылмысына қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізді.

-Нашақорлық – қоғам дерті. Оның қасіретін өскелең ұрпақ жақсы білуі үшін бүгінгідей ерекше тәсілмен жат әдеттердің зардабы туралы жиі айтылуы тиіс. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыстар жүйелі жүргізіліп тұратын болса ұтарымыз көп болмақ, – дейді мектеп мұғалімдері.

Іс-шара соңында нашақорлық зардабы туралы өткізілген хабарға белсене қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берген оқушыларға аталған департаменттің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері естелік сыйлықтар табыстады.

Айдарбек АҚАРЫС

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button