Жарнама
Жаңалықтар

Махамбетте жер ойылып түсті

Әлеуметтік желіде тараған мына суретте жер ойылып түскенін байқауға болады. Махамбет ауданында орын алған бұл жағдайға байланысты аудан әкімінің кеңесшісі Алшынбек Мұқанғалиев түсінік берді.

Оның айтуынша, бұл Махамбет ауданы Байбарыс ауылдық округіндегі «Первомайский» ЖШС-не тиесілі «Қызылжар» учаскесі маңындағы өздігінен пайда болған қазан шұңқыр екен. Осы жағдай бойынша аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары алдағы уақытта зерттеу жұмыстарын жүргізбекші. Біз де мәселені назарға алып, себебі мен салдарын, зерттеу жұмыстарының қорытындысын жариялап отыратын боламыз.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button