Күш біріксе, көш іркілмейді

fb img 1712407042943 Жаңалықтар

Махамбет ауданында тасқын суға қарсы шаралар қарқынды жүріп жатыр. Барлық күш айтып келмейтін апаттың алдын алуға жұмылдырылған.


Бүгінде аудандық жедел штабы Жайық өзенінің жағалауын ерекше бақылауға алды. Жайық өзенінің су басатын аумақтары, тасқын су шығатын сайлар, тас жол астынан салынған су өткізгіш құбырлар картада белгіленіп, тиісті жұмыстар жасалуда.

-Әсіресе, ескі бөгеттерге айрықша көңіл бөліп отырмыз. Олардың үстіне топырақ төгіліп, нығайтылуда, – дейді осы істің басы-қасында жүргендер.


Ал, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ аудандық бөлімшесінің жұмысшы-қызметкерлері Махамбет ауылындағы 3 газ реттегіш құрылғысын қапшыққа салынған құммен қоршап қойды. Бұл маңызды нысанды су тасқынынан сақтап қалу мақсатында жасалып отыр.
Қазір аудандағы кішкентай баладан еңкейген кәріге дейін жаға бекіту жұмыстарында жүр. Мәселен, Бейбарыс ауылындағы 80 жастағы әже елге қауіп төнгенде үйінде жайбарақат жата алмапты. Ол қапшық үлестірсе де, еріктілерге көмектесуді жөн көріпті.
Ауылдағы өзге әйел адамдар да ер азаматтарға қолғабыс етуде. Бірі жұмыста жүргендердің ас-суын әзірлесе, екіншісі қолдап бәрі жұдырықтай жұмылып жатыр.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз