«КЕGОC» қызметкерлері волейбол ойнады

86378566 2655767014643673 8307969087074467840 o Жаңалықтар

Atr.kz/21 ақпан, 2020 жыл. Жуырда «Нұрсая» спорт кешенінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылуына 31 жыл толуына орай волейболдан ерлер арасында облыстық турнир ұйымдастырылды.

Екі күнге созылған доп додасына  Махамбет, Жылыой, Қызылқоға, Құрманғазы, Индер аудандарынан және Атырау қаласынан барлығы 16 команда қатысып, олар өзара мықтыны анықтасты. Спорт кешеніне келген көрермендерге қызықты сәттер мен көңілді күй сыйлаған жарыс қорытындысында «КЕGОC»  командасы турнир жеңімпазы атанды. Олар ақтық ойында Атырау мұнай өңдеу зауыты құрама  командасын жеңді.

Ал, жеңіс тұғырының үшінші сатысына  Жылыой ауданының командасы шықты. Кездесулер барысында жақсы ойын өрнегін көрсеткен Хайдар Жалғасбаев («КЕGОC»), Алишер Әбдіразақ (Жылыой ауданы), Асланбек Марпешов («Иманғали» орталық мешіті), Сабырғали Гумаровтар (АМӨЗ) жарыстың үздік ойыншылары болып танылды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

86375346 2655766791310362 4347061087477170176 o
86294459 2655767061310335 7723791700174307328 o
http://atr.kz/bez-rubriki/shymkent-ma%d2%a3ynda%d2%93y-b%d3%a9limnen-%d2%9barulan%d2%93an-%d3%99skeri-%d2%9byzmetshi-%d2%9bashyp-ketti/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз