Кәсіпкерлерді «қоғам белсенділерінен» қорғау қарастырылды

front z 700 Жаңалықтар

Мұндай шешім Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша қабылданды. Жиын барысында «қоғам белсенділері» тарапынан бизнес құқықтарын бұзу фактілері қаралды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жеке кәсіпкерлердің бірінен өтініш түскен. Кәсіпкердің айтуынша, «қоғам белсенділері» деп аталатын кейбір адамдар оның дүңгіршегіне барып, үстінен полицияға арыз жазған.

– Олар өрескел түрде менің сатушымнан санитарлық кітапшаны көрсетуді талап еткен. Сатушым бас тартты, өйткені, бұл адамдардың уәкілетті органдарға қатысы жоқ еді. Сонымен қатар, жоғарыда аталған адамдар өнімнің жарамдылық мерзімін, ондағы таңбалаудың болуын сұрай отырып, бейнетүсірілім жүргізді. Содан соң олар полицияға арыз жазды. Кейін СЭС органдарынан маған 424 мың теңге көлемінде айыппұл салу туралы хабарлама келді. СЭС органдары тексеруді өздері жүргізбеді, бірақ жоғарыда аталған адамдар ұсынған бейне негізінде хаттама берді. Мұндай әрекеттердің қаншалықты заңды екенін білу үшін мен Атырау облысының кәсіпкерлер палатасына хабарластым, – деді кәсіпкер.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Әлібек Семғалиев бұл өзін «қоғам белсендісі» немесе «блогер» деп атайтын адамдардың іс-әрекеттері екенін және бизнес субъектілерінің құқықтарын бұзу бойынша алғашқа жағдай еместігін атап өтті.

– Мониторинг бар. Мұндай шағымдар өте көп. Қоғам белсенділері өз бетінше шығады, заңсыздық анықталған жағдайда «102» қызметіне қоңырау шалып, полицейлерді шақырады. Біз кез-келген өтінішке жауап беруге міндеттіміз. Егер бізге қатысы бар заңсыздықтар мен дәлелдемелер болса, хаттама толтырамыз, ал басқа органдарға қатысты болса, оларға жібереміз. Кәсіпкерлер көбінесе өз құқықтарын білмейді, блогерлер заңсыз тексереді, олар тиісті органдарға хабарлауы керек. Тексеруді жүргізу үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен рұқсат алуы керек. Егер олардың құқықтарын бұзу белгілері болса, кәсіпкерлер қарсы өтініш жазуға құқылы, – деді Атырау облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ерлан Биғамбаев.

Сондай-ақ, Е.Биғамбаев отырыстың қорытындысы бойынша хаттама жасап, олардың құқықтары бұзылған жағдайда Бизнестің іс-әрекеттерінің құқықтық алгоритмін әзірлеу және оны кәсіпкерлерге тарату қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, отырысқа қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының және Атырау облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері қатысты. Олар кәсіпкерлік субъектілеріне шағымдар немесе өтініштер түскен кездегі тексеру ережелерін түсіндірді.

Кеңестің жұмысын қорытындылай келе, Атырау облысы бойынша Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі сектор меңгерушісі, Атырау облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаев бұл отырыстың негізгі міндеті – уәкілетті органдармен бірлесіп, олардың құқықтары бұзылған жағдайда Бизнестің іс-қимыл алгоритмін әзірлеу және оны әрбір бизнес субъектісі үшін қолжетімді ету екенін жеткізді. Бұл жұмысты Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы жүргізеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз