covid all main 1193x671 1

Карантин режимінде Атырауда 500-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Жаңалықтар Құқық

Аtr.kz/18 сәуір, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті Жергілікті қызметі басқармасының басшысы Әлібек Қайыров Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте хабарлады.​

«Сағат таңғы 6.00 – 9.00 ​ аралығында жұмысқа баруға, 17.00 – 20.00 уақыт аралығында үйге қайтуға рұқсат бар. ​ 9.00 – 17.00 аралығында автокөлік қозғалысы Атырауда толық тоқтап тұр.​

Сонымен бірге, карантиндік талаптардың сақталуы жедел басқару бейне бақылау камералары арқылы қадағалануда. ​ ​
Күні бүгінге дейін Атырауда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін, ​ 482 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 171 іс бойынша азаматтар қамаққа алынды. 102 адамға ескерту берілді» деп атап өтті спикер Әлібек Қайыров.​

«Атырау облысында Төтенше жағдайды қалыптастыру жөніндегі шұғыл штабы»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған