3248585d1c478ab30

ҰҚК террористік ұйымды қаржыландыруға талпынғандардың жолын кесті

Жаңалықтар Қоғам Құқық

Ұлттық қауіпсіздік комитеті террористік ұйымды қаржыландыруға талпынғандардың жолын кесті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

3248585d1c478ab30

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері 33 адам ұсталған «Ат-Такфир уаль-Хиджра» діни-экстремистік ұйымының қатысы бар топтарды жоюға бағытталған арнайы операция туралы айтып берді.

Операция барысында ұсталған «Ат-Такфир уаль-Хиджра» діни-экстремистік ұйымының мүшелерінен тінту кезінде 15 мың доллардан аса қаражат табылып, тәркіленді. Бұл қаржының қайдан жеткізілгенін және неге бағытталуы керек болғаны жүргізіліп жатқан тергеу соңында белгілі болады.

2016 жылдың желтоқсан айының басында бірқатар ақпарат агенттіктері арабтың 24.ае сайтына сілтеме жасап, Сириядағы ДАИШ қазынасынан бір миллион доллар қаржы жымқырып кеткен «Абу Файза» атты қазақстандық жайында хабарлаған болатын. Қазіргі уақытта қазақстандықтың аты-жөні мен болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Халықаралық террористік ұйымдардың қызметі қазақстандық арналар арқылы қаржыландырылмайды. Алайда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мүдделес өзге де мемлекеттік органдармен біріге отырып, террористік және экстремистік топтарды қаржыландыруға әрекеттенгендерді анықтап, жолы кесілді. Ал қаржы траншының сомасы 15-тен 230 мың долларға дейін барған.

«Террористік және экстремистік ұйымдарды Қазақстан тарапынан қаржыландыру үшін ақшаның шығып кетуінің алдын алу мақсатында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мүдделес мемлекеттік органдамен бірлесе отырып, заңнамада қарастырылған шаралар кешенін іске асырып жатыр», – дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған