Кәсіп пен нәсіп «Баптай білсең, жер жомарт»

 

Облыста алма бағын өсірушілерге инвестициялық субсидия беріледі. Мұндай мүмкіндікті пайдаланып, аймақта алма бағын қайта жандандырған жөн. Бұл туралы Махамбет ауданында қаржы институттарының мамандары мен жергілікті кәсіп иелерінің қатысуымен өткен жиында айтылды.

Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұйымдастырылған басқосуда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Серік Сәрсекенов өңірде жүзеге асып жатқан несие жобалары туралы баяндады. Ол өз сөзінде Атырауда кәсіпкерлікті кеңейтуде мүмкіндіктің мол екенін де айтты. «Бізде әрбір елдімекенде газ желісі тартылған. Тұрғындарды жергілікті өнімдермен қамтамасыз етуге жан-жақты қолдау бар. Бұл ретте алма бағын өсіруді қайта кеңінен қолға алу қажет. Кезінде алма өсірумен аты шыққан Махамбет ауданында неге осы шаруаны қайта түлетпеске?» деген С.Сәрсекенов алма бағының пайдасына да тоқталды.

Оның айтуынша, егер аталған жеміс бағына дұрыс күтім жасалса,  25 жылға дейін өнім алуға болады. Сондықтан, өз жерімізде бау-бақшаны неғұрлым көбірек егіп, жергілікті өнімді тұтыну маңызды.

Алтыншаш

НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Махамбет ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз