Індеттің ілмегінен ауыл шаруашылығы алып шығады

prara 1 Жаңалықтар

Өткен аптада Атырау облыс әкімдігі ғимаратында Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиын өтті. Кәсіби мереке иелерін облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев құттықтады.

– С о ң ғ ы ж ы л д а р д а ғ ы қуаңшылық және наурыз айында басталған індет ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлеріне қосымша шығындар әкелді. Төтенше жағдай басталған тұста шекаралар жа­былып, жан-жақтан келетін азық- түліктің легі азайып, облыста қиын жағдай қалыптасты. Бірақ ауыл шаруашылығы саласының азаматтары үлкен жанқиярлық қызмет жасап өлке тұрғындарын қиын кезеңнен алып шықты. Ауыл шаруашылығы саласының мемле­кетке, жалпы халыққа ең бірінші қажет сала екені осы арқылы тағы бір дәлелденді.

Қалыптасқан қиыншылықтарға қарамастан биыл салада көптеген жұмыстар атқарылды. Сиырдың саны 186 600 басқа жетсе, қой мен ешкі – 615 500, жылқы – 91 200, түйе малы – 34 мың болды. Он айда 94 100 тонна ет, 55 000 тонна сүт өндірілді. 9327 гектар жерге егін егіліп, 173 мың тонна көлемінде егістік өнімдері алынды,- деді Әлібек Ибатоллаұлы.

Бұдан соң республика Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының ардагері» төсбелгісімен Жылыой ауданынан Абай Ораев пен Индер ауданынан Хайролла Өмірғалиев марапатталды. Ал, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі Жылыой ауданы, «Ащысай» шаруа қожалығының басшысы Бақтығали Жиенқұлов пен Исатай ауданы, «Бисенов» шаруа қожалығының басшысы Бұхар Бисеновке табысталды. Бір топ қызметкерлерге Атырау об­лысы әкімінің және облыстық мәслихаттың Алғыс хаттары та­быс етілді.

Салтанатты жиында ауыл шаруашылығының әр саласында жақсы нәтижелерге қол жеткізген өндіріс озаттары ұлықталып, жыл үздіктерінің есімдері аталды.

И н д е р а у д а н ы н д а ғ ы «Нұрлыбек» ШҚ басшысы, Нұрғали Жалиев – үздік мал өсіруші, Құрманғазы ауданы «Мақаш» өндірістік кооперативінен Елдос Махуов – үздік механизатор, махамбеттік Жанболат Бисекенов («Абай» ШҚ) – үздік егінші, Нарынқұмдағы «Исакулов» ШҚ- нан Нұрзила Есқалиева – үздік са­уыншы, «Әнет» ШҚ (Қызылқоға ауданы) зоотехнигі Жәнібек Аралбаев – мал асылдандыру үздігі, «Бекет» ШҚ (Исатай ауданы) басшысы Бауыржан Ғұбайдуллин – үздік шаруа қожалығы, Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары Әділтұрақбай Құмаров – үздік ауыл шаруашылығы қызметкері, жарсуаттың мал дәрігері Наурызғали Қуанышев – үздік мал дәрігері болып танылды.

Тағы бір ерекшелік – жы­лыжай өсірушілер де назардан қағыс қалмаған. Махамбеттік «Айсұлтан» ШҚ басшысы Қайрат Жұмағалиев – үздік жылыжай қызметкері, «Қазсушар» РМК Атырау филиалының «Төменгі Жайық» өндірістік бөлімшесінің қызметкері Шеген Нуталиев – үздік су шаруашылығы қызметкері ат а н с а , Е ң бе к Е р і С а қ а н Дәулетқалиев атындағы арнаулы жүлдені «Құрманғазы» өндірістік кооперативінің (Құрманғазы ауда­ны) шопаны – Дархан Махуовтың қанжығасына байланды.

«Сарайшық» коммуналдық базары алдында агрокешен күні мерекесіне орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Ашық алаңда ұйымдастырылған жәрмеңкеге облыстың әр ауданынан келген «Дастан», «Агрофеликс», «Құрман», «Болашақ», «Мұқатай» сынды 62 шаруа қожалығы қатысып, 168 тонна азық-түлік өнімі, 50 бас қой, 2 бас ірі қара малы сатылды. Қала тұрғындары көп жиналған сатылым алаңын аралаған облыс әкімінің орын­басары Әлібек Нәутиев халыққа ұсынылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімді бағада бо­луын қадағалауды тапсырды.

Бұл күні саудаға шығарылған төрт түліктің еті 1700-1900 теңге аралығында сатылса, бақша өнімдерінен картоп бағасы – 100 теңге, пияз – 60 теңге, қырыққабат – 80 теңге, асқабақ – 100 теңге, қызылша – 70 теңге, сәбіз – 75 теңгеден тұтынушысын тапты.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз