Атыраулықтар мемлекеттік наградамен марапатталды

screenshot 20220318 181451 Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. Олардың ішінде 4 атыраулық бар, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, азаматтарды қорғауда және құтқаруда көрсеткен жеке жанқиярлығы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көрсеткен көмегі үшін еліміздің бір топ азаматтары мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Композитор, жазушы, публицист, музыкатанушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы Илья Жақанов “Қазақстанның Еңбек Ері” құрметті атағын алды. «Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Олимпиадалық резервті даярлау орталығы» КММ әдіскері Нұрлыбек Даралиев пен «Тәуелсіздік қырандары» бірлестігінің атқарушы директоры Олжас Сүлейменов “Құрмет” орденімен, «Искер» ЖШС күзетшісі Азамат Тоқбасов «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК фельдшері Нұрлан Салауатов «Шапағат» медалімен марапатталды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз