Атыраудың бас полицейіне қатысты фейк шетелден тараған

arapoaoaporpro Жаңалықтар

Атырау облыстық полиция департаменті азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге және таратпауға шақырады.

Әлеуметтік желіде Қанат Ибрагимов аккаунты арқылы атыраулық полицейлер туралы бейәдеп сөздермен қатар шындыққа жанаспайтын ақпараттар таратылуда. Өзіндік қауіпсіздік қызметінің анықтауынша аталған жазбалар Қазақстан аумағынан тыс шетелден таратылған.

Аталған фактілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, яғни Көрінеу жалған ақпарат тарату дерегімен іс қозғалды.

«Желі қолданушыларынан ресми ақпарат құралдарын оқып, жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуін сұраймыз» дейді департамент өкілдері.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз