Енді дүкенге немесе дәріханаға бетпердесіз кірсеңіз, айыппұл төлейсіз!

dsc 0160 2048x1369 1 Жаңалықтар

Atr.kz/16 шілде, 2020 жыл. Дүкенге немесе дәріханаға маскасыз кірген адам әкімшілік жауапкершілікке тартыла ма? Бұл сұраққа Әділет министрі Марат Бекетаев жауап берді.

«Көшеге шығып жүгіруге, серуендеуге болады. Үш адамға дейін жүргендерге ешқандай жауапкершілік жүктелмейді. Тіпті сіз далаға маскасыз шықсаңыз да ешқандай жауапкершілікке тартылмайсыз. Алайда егер дүкенге немесе дәріханаға маскасыз кірсеңіз, жауапкершілік болады. Өйткені ол – жабық нысан», – деді Марат Бекетаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, Қазақстанда қатаң карантин шаралары 2 тамызға дейін ұзартылған болатын.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында алдағы кезеңге бірқатар нақты міндеттеме белгіледі. Қатаң карантиндік шаралардың екінші аптасы өтіп жатыр. Вирустың таралуы бойынша жағдай күрделі. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды одан ары тұрақтандыру үшін шектеу шараларын тағы екі аптаға, 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдап отырмыз», – деді Премьер-министр Үкімет отырысында.

200715184605786e 1

Карантин кезінде той жасағандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Әділет министрі Марат Бекетаев карантин тәртібін сақтамай, той жасағандар қалай жазаланатынын айтты.

«Мұндай жағдайда тиісті Заң бабына сәйкес, алғашқы жағдайда айыпталушыға 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Егер мұндай шаралардың барысында азаматтар жаппай вирус жұқтырса, айыппұлдың да көлемі айтарлықтай көп болады. Ал оқиғаның салдары жағымсыз жағдайға апарса, қылмыстық іс те қозғалуы ықтимал», – деді Марат Бекетаевқа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек бұған дейін Марат Бекетаев көктемгі карантинде қазіргі, яғни жазғы карантиндегідей айыппұл неліктен салынбағанын түсіндірген болатын.

«Тәртіп қатая түсті. Қазіргі уақытта бұл ережелер қоғамдық орындағы, жабық нысандардағы және көліктегі азаматтардың әрекетіне байланысты. «Олар өзін қалай ұстауы керек? Ережені бұзса, қалай жазаланады? Заңбұзушыға қандай әкімшілік жаза тағайындау керек?» деген сұрақтар төңірегінде пікірталас көп болды. Көктемде ҚР ӘҚБжК 476-бабы қолданылса, қазір 425-бап бойынша азаматтар жазаланып жатыр», – деді ол.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз