ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ БЮРОСЫ ПОРТАЛЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

img 2514 Жаңалықтар

Емдеуге жатқызу бюросының негізгі мақсаты бұл – азаматтардың медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоспарлы емдеуге жатқызудың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету.

Емдеуге жатқызу бюросы порталы – бұл интернет-ресурс ( www.bg.eisz.kz),  тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) эәне МӘСҚ шеңберінде пациенттерді стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамаларын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеудің және сақтаудың бірыңғай жүйесі. Егер пациент дәрігерден емдеуге жатқызуға коды бар жолдама (емдеуге жатқызу таллоны немесе «квота») алған болса, онда ол өңірлік және республикалық клиникалар бойынша ағымдағы күту парағын қарап, өз кезегін бақылай алады. 

Жоспарлы емдеуге жатқызу – бұл созылмалы ауруға және жедел дәрігерлік араласуды талап етпейтін, өмірге қауіпсіз жағдайларға көрсетілім (анықталған жағдайда) болған кезде дәрігердің пациентке беретін жолдамасы. Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы пациенттің медициналық ұйымды таңдауын ескеріле отырып бірнеше күн ішінде жүзеге асырылады.

Емдеуші дәрігер стационардың бөлімше меңгерушісімен бірге науқасты емдеуге жатқызу қажеттігі туралы шешім шығарады. Дәрігер жоспарлы емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдерді анықтағанда, пациент  дәрігермен медициналық ұйымды таңдау мәселесін талқылауға тиіс. Емдеуге жатқызудың қажеттілігі туралы шешім шығарылған жағдайда, дәрігер жолдаманы ресімдейді (міндетті түрде пациенттің денсаулық сақтау ұйымын таңдау еркін ескеріп), онда емдеуге жатқызудың коды мен күнін көрсетіп, одан кейін пациент туралы деректерді Емдеуге жатқызу бюросы порталында тіркейді.  

Дәрігер пациент туралы деректерді Емдеуге жатқызу бюросы порталына енгізеді және қолына «Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған талонды» береді, ондағы код бойынша пациент www.bg.eisz.kz сайтынан жоспарлы емделуге жатуға өзінің кезегін бақылай алады. Мәліметтер қатаң түрде құпия болып табылады.

Стационар өтінімнің Порталда тіркелген сәттен бастап 2 күн ішінде жоспарлы емдеуге жатқызудың алдын ала күнін айқындайды; Стацинар емдеуге жатқызудың күнін анықтаған соң, дәрігер пациентке жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамасын береді. Жолдаманы пациент өз бетімен емдеуші дәрігерден немесе оны үйге жеткізу ақылы ала алады; Емдеуге жатуды күті кезеңінде пациент емдеуші дәрігерде бақылана береді. Бақылау міндетті түрде үздіксіз жүргізілуі тиіс. Пациент емделуге жатуға жолдамада көрсетілген күні келуге міндетті. Болжанбаған жағдайлар пайда болған кезде (өзге жіті аурудың болуы, басқа жаққа кетіп қалуы, билеттің болмауы, т.б.) пациент учаскелік дәрігерді уақытында хабардар етуі тиіс. Пациент келмеген жағдайда, өтінім күшін жояды.

Жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттің өзімен бірге Жеке куәлігі; Барлық талдаулар мен диагностикалық зерттеулер қорытындылары; Жоспарлы емдеуге жолдаған медициналық ұйымның бірінші басшысының мөрі мен қолы бар емдеуге жатқызу жолдамасы болуы тиіс.

            Егер бұл ереже немесе жоспарлы науқасты ауруханаға жатқызу ережелері бұзылған болса науқас адам 8 (7122) 28-42-87 телефоны арқылы «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының» Атырау облыстық филиалының ауруханаға жатқызу бюросына немесе atyrau_miac_burohospital@mail.ru электрондық поштаға хабарлауы керек.

            Атырау облысы бойынша 2020 жылдың 11 айында «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына 34682 сұраныс түскен, оның ішінде 12693-36,5% селолық жердегі тұрғындардан болды.  Барлық болған сұраныстың, яғни 31868-91,8% ауруханаларға жатқызылды.

       Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда жоспарлы емделуге  бағытталғандар саны 9636 адамға көбейсе, стационарға жатқызылғандар саны – 8446 адамға көбейіп, пайыздық көрсеткіш бойынша 1,7%-ға төмендеген.

2020 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша портал арқылы облыстық деңгейде емдеуге жатқызу 31793 болып, былтырғы жылмен салыстырғанда 7,4% жоғарылаған, аймақаралық емдеуге жату 419, 18 адамға азайды. ҰҒИ, ҰО-ға жіберу 2470 адам болды.

Ағымдағы жылдың 11 айында емдеу мекемелерін еркін таңдау принципі арқылы облыс бойынша 2249 науқас басқа аймақтарға барып емделді, оның ішінде Ақмола облысына – 64, Ақтөбеге – 114, Алматы облысы -1, БҚО-9, Қарағанды облысында – 10, Маңғыстау облысында барлығы – 6, Павлодар емдеу сауықтыру мекемесінде – 2 науқас емделсе,  Алматы (703), Нұрсұлтан (1310) қалаларының емдеу мекемелеріне – 2013 адам жоспарлы түрде барып емделіп келді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 тамыздан бастап халыққа жоспарлы медициналық көмекті жаңарту алгоритмі әзірленді. Бірінші кезекте COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға қатыстырылмаған қалған стационарларды кезең-кезеңмен қоса отырып, республикалық деңгейдегі мамандандырылған клиникаларда, көпсалалы ауруханаларда жоспарлы емдеуге жатқызу қалпына келтіріледі.

Пандемия кезінде көптеген жоспарлы қызметтер кейінге қалдырылғанын ескере отырып, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтерді тұтыну айтарлықтай өседі деп болжайды. Осыған байланысты медициналық көмекті қаржыландыру жоспарына түзетулер енгізілуде.

Қордың болжамы бойынша жоспарлы көмек көлемі МӘМС жүйесін енгізу кезінде көзделгендей, жыл басындағы деңгейге дейін өсуі мүмкін.

Айкерім ӘБІЛХАТҚЫЗЫ,

«Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз