Елдігімізден ажырамау маңызды

немесе жер тағдыры – ел тағдыры

Қоғамдық резонанс тудырған жер реформасына байланысты ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен республикалық деңгейде құрылған комиссия жанынан 1434 нөмірлі Call-орталық ашылды. Бір апта ішінде орталыққа 700-ден астам ұсыныс-пікір түскен. Алғашқы отырысының өзі жеті сағатқа созылған республикалық комиссия енді төрт топқа бөлініп жұмыс істеп жатыр. Жер реформасына байланысты Атырау облысы әкімдігі жанынан да Call-орталық жұмысын бастады. Шұғыл желі күн сайын сағат таңғы 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін қызмет етеді. Бұл туралы облыс әкімі жанынан құрылған қоғамдық кеңестің кезекті отырысында белгілі болды.

Айта кеткен жөн, «Ұлт жоспары» аясында жыл басынан бері барлық аймақтарда құрылып, жұмысын бастаған қоғамдық кеңестер билік пен бұқараның арасын жақындата түсуді көздейді. Сондай-ақ, өз ой-пікірін, ұсыныс-тілегін айтқысы келген кез-келген адамның оған қатысуға толықтай құқығы бар. Кеңестің бейсенбі күнгі кеңейтілген отырысы да бейресми форматта өтіп, оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар корпусы арнайы шақырылып, еңбек ардагерлерімен бірге, қарапайым бұқара өкілдері де қатысып, бүгінгі күн тәртібінде өткір тұрған жер тағдыры, жер реформасы туралы ойларын еркін түрде ортаға салды.

Басқосуды облыс әкімі жанындағы қоғамдық кеңес төрағасының міндетін атқарушы Әнес Бисенов жүргізіп отырды.

Дайындаған: Баян Жанұзақова.

Толығырақ газеттен оқи аласыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз