ЕЛБАСЫ ЖЕҢІСІ – ЕЛДІКТІҢ ЖЕМІСІ

Біздің елімізде 26 сәуірде өткен Қазақстан Респуб­лика­сы­ның Прези­ден­тін сайлау барысын­да Демократия институты Қазақ­станның Азамат­тық альянсының тап­сырысы бойынша бүкіл өңір­лерде жалпы­ұлттық exit-poll өткізді.

Институт Директоры Юлия Ку­чинская атап өткендей, зерттеулер 14 облысты, сон­дай-ақ, Астана және Алматы қалаларын қам­тыды. Exit-poll сағат таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін 312-сі қалалық, 238-і село­лық болып табы­ла­тын бес жүз елу сайлау учаскесінде жүргі­зілді. Exit-poll-ды ұйымдастыру мен өткізуге мың жарымнан астам адам тартылды. Қолданылған сұрау салу әдіс­темесін шетелдік және қазақстандық ғалым­дар талай рет сынақтан өткізген және сенімді, дәл іріктелген мәлі­мет­тер алуға жағдай жасайды.

Exit-poll нәтижелері көр­сеткен­дей, Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­­баев 97,5% дауыс жинады. Бұл – Елбасының тамаша, салтанатты, бүкілхалықтық жеңісі.

Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшы­лы­ғы­­мен одан әрі де бейбітшілік пен прог­ресс бағытымен алға басуға деген ұм­ты­­лысында бүкіл әлемге өзі­нің қуатты бірлігі мен топтасқан­дығын танытты.

Осы жолғы Президенттік сайлау­да, халықаралық және қазақ­стан­дық сарапшы­лардың мәліметтері бойынша, тарихта алғаш рет сай­лаушылардың теңдессіз көп келуі атап көрсетілген. Сарапшылар мұндай өте жоғары, рекордтық көрсеткіштің әлемдік сайлау үдерісі тарихына енетінін атап көрсетуде.

Бүгінде қазақстандықтардың Пре­зидент сайлауына қатысуын батыл түрде сенсациялық деп атауға болады – адамдар, үлкені бар, кішісі бар, бүтіндей отбасыларымен, еңбек ұжымдарымен таңертең ертесімен-ақ сайлау учаскелеріне келді.

Қазақстандықтар сайлау учаске­лері ашыл­ған­ға дейін кезекке тұрды, сайлаушылар легі учас­келер әбден жабылғанға дейін толастаған жоқ. Осының бәрі бұрын-соңды болма­ған элек­торалдық белсенділікті, сай­лау­­шы­лар­дың сенсациялық деңгей­де көптеп келуін біл­діреді.

Сайлау науқаны барысына 10 000-нан астам отандық және 1000-нан астам шетелдік байқаушылар мен ұйымдар қадағалау жасады. Олардың бәрі, өздерінің баға­лауынша, транспарентті, ашық және адал сайлаудың үлгісі болып табылатын сайлауды ұйым­дас­ты­рудың аса жоғары деңгейін атап өтті. Шетелдік байқаушылар Қазақ­стандағы сайлаудың демокра­тия­­лы­лы­ғын және халықаралық стандарт-тарға сәйкестігін атап өтуде, әсіресе, дауыс беру күнгі қазақ­стандық сайлаушылардың, оның ішінде жастардың белсенділігін ерекше атап көрсетуде.

Сайлауды ақпараттық қолдау да жоғары деңгейде болды. Қазақстанның барлық БАҚ-та, интернет пен әлеуметтік желілерді қоса алғанда, таңер­теңнен кеш қарайғанға дейін сайлау тақы­рыбы нөмір бірінші тақырып болды.

Қазақстан Президенті сайлауын 37 елден 200-ден астам шетелдік журналистер жазып көрсетті.

ҚазАқпарат. 

 

Жүрекжарды

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

Мен әрбір азаматқа, әрбір отбасыға маған ел дамуындағы бүкіл Тәуелсіздік жылдары бойы сенім артқаны және осы жолғы сайлауда қолдағаны үшін ризамын…

Осындай жалпыға ортақ сенім болмаса, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру қиын болар еді. Сайлауға рекорд-тық қатысу көрсеткіші қазақстандықтардың бірлігін, тұрақты мемлекетте өмір сүруге деген құлшынысын, сондай-ақ мен ұсынған бағдарламаларды қолдауын көрсетті. Осының бәрі Отанымыздың болашағы мен өркендеуі үшін еселенген күш-қуатпен жұмыс істеуді міндеттейді.

Бізде білікті мамандар, жеткілікті қаржы-қаражат, саяси орнықтылық, халықтың бірлігі мен достығы бар. Біз индустрияландыру, «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қойылған міндет-терді орындаймыз, Қазақстанның әлем-дегі дамыған 30 елдің қатарына кіруін қамтамасыз етіп, қазақстандықтардың тұрмысын жақсартамыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз