«Ел болашағына бейжай қарамайық». Әлемнің күміс жүлдегері өз таңдауын жасады

screenshot 6 8 Жаңалықтар

Самбо күресінен әлем чемптонатының күміс жүлдегері, атыраулық Қайырберді Айдынбай Президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Ол өз таңдауын Б.Нысанбаев атындағы орта мектепте орналасқан №253 сайлау учаскесінде жасады.

«Бүгінгі күні әр азамат өз болашағы үшін таңдау жасай алады.

Бұл саяси науқан әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымын білдіре отырып, жаңа Қазақстанды құруға тікелей үлес қосуының үлгісі болары белгілі.

Мен де бүгін өз таңдауымды жасап, еліміздің болашағы үшін даусымды бердім. Біз, еліміздің әрбір азаматы, сайлауға белсенді қатысып, еліміздің болашағына бейжай қарамауымыз қажет.

Жаңа Қазақстанды құруда белсенді болайық.  Әркімнің дауысы маңызды» деді әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қайырберді Айдынбай.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз