ЕҢ ШЕКТІ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ ӨЗГЕРМЕЙДІ

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың банктік депозиттері бойынша ұсынылатын ең шекті сыйақы мөлшерлемелері өзгермейді.

Бұл туралы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Талдау және қоғамдық байланыстар департаментінен хабарлады.
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі мәтін бойынша - Қор) банктерге ұсынылатын жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ең шекті сыйақы мөлшерлемелерін бұрынғы деңгейде қалдырды: теңгедегі номиналды жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 9%, шетел валютасындағы номиналды жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 4,5%. Бұл шешім Қордың Директорлар кеңесімен қабылданды (25.10.2013 ж. хаттама).

Қор банктерге жеке тұлғалардың депозиттері бойынша орнатылған сыйақы мөлшерлемелерін банктердің депозиттік саясатын нарықтың инвестициялық мүмкіндігімен және ақша-кредит саясатының бағытымен сәйкестендіру мақсатында асырмауды ұсынады. Қормен ұсынылатын сыйақы мөлшерлемелері тоқсандық негізде қайта қарау құқығымен және депозит нарығының конъюнктурасының күрт өзгеруі жағдайында қайта қарастыру құқығымен енгізіледі. Сонымен бірге, мөлшерлемелер тек жаңадан жасалатын келісім-шарттарға белгіленген және бұған дейін жасалған келісім-шарттарға қолданылмайды.
Банктің депозит бойынша ұсынатын сыйақы мөлшерлемелеріне қарамастан, Қор жеке тұлғалардың (сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің) депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерде орналастырылған барлық депозиттеріне кепілдік береді. Банктің мәжбүрлеп таратылған жағдайында Қор банктің салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлейді, кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы мөлшері – бес миллион теңге.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз