АТЫРАУЛЫҚ ДЕПУТАТТАР АТЫШУЛЫ «ДИНАМОҒА» ӨЗДЕРІ БАРДЫ (+видео)

screenshot 20220119 170830 com.whatsapp Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен Атыраудағы «Динамо» спорт кешеніне бүгін жергілікті депутаттар барып, мәселенің мән-жайын көзбен көрді.

Біз бұған дейін аталған кешенде жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарды ұрып-соққаны жөнінде жалған ақпарат тарағанын жазған едік. Осыған орай заңдылық пен этиканың сақталуы бойынша тұрақты комиссия құрылды. Оның құрамында облыстық мәслихат депутаттары – Асылбек Жәкиев, Амангелді Абдолов, Нұржан Ермұханов және Нұрлан Мүтәлиев бар.

«Біз депутаттар болып Атырау облыстық полиция департаментінің басшысы мен аймақ прокурорына арнайы хат жолдадық. Онда әлеуметтік желіде, соның ішінде «фейсбукте» жарияланған азаматтардың жазбаларын жан-жақты тексеруді сұрадық. Әсіресе, полицейлердің ұсталғандарға күш көрсетіп жатқаны жөніндегі жазбалармен мұқият танысып шығу керек.

Сондай-ақ, кеше облыстық полиция департаментінің басшысымен кездесу өтті. Онда ол соңғы оқиғалардың барлығын егжей-тегжейлі баяндап берді. Біз өз кезегімізде халық мүддесін қорғайтынымызды жеткіздік. Ал, халықты ұрып-соғу деректері расталса, кінәлілерді анықтап, жазаға тартуды сұрап отыр. Егер расталмаған жағдайда жалған ақпарат таратушыларды тауып, тәртіпке шақыру қажет» деді Асылбек Жәкиев бізбен әңгімесінде..  

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз