Президент көлік және мүлік салықтарының өсімпұлын кешіруді ұсынды

photo 53376 Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жеке тұлғаларға салық рақымшылығын жариялауды тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo 53376

«Бүгінде 1,3 миллион жеке тұлғаның көлік, мүлік және жер салығы бойынша қарыз бар. Бұл дегеніміз 17 миллиард теңге, оның 5 миллиарды өсімақы арқылы келген. Мен осыған дейін де айтқанмын және үкіметке жеке тұлғаларға осы 5 миллиард теңгені салық рақымшылығы ретінде қарастыруды тапсырдым. Әрине егер қарыз болған тұлға негізгі қарызын төлеген жағдайда», – деді Президент кеңейтілген үкімет отырысында. Осыған дейін Мемлекет басшысы шағын әрі орта кәсіпкерлікке рақымшылық жасау туралы тапсырма берген еді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз