Цифрландыру – кадрлар даярлаудағы өзекті бағыт

1 11 Жаңалықтар


Қазіргі таңдағы жаһандану мен индустрияландыру жағдайында экономиканың барлық салалары үшін кадрлар даярлау мәселелерін жақсарту еліміздің мемлектеттік саясатындағы өзекті міндеттердің бірі. 
  


Барлық дамыған елде өндіріс пен бизнес үшін кадрлардың негізгі провайдері техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесі болып табылады. Сондықтан ТжКБ ұйымдарына халықаралық қауымдастықтың тарапынан, оның ішінде ЮНЕСКО-ның шеңберінде аса назар аударылуда.


Осыған орай еліміз әлемнің дамыған елдерінің элиталық клубына кіруі үшін адами капиталдың өсуі мен бәсекеге қабілеттілігі бойынша бірқатар мәселелерді шешу қажет. Осы ретте техникалық және кәсіптік білім беруді жүйесін әлеуметтік және экономикалық драйвердің негізі ретінде  қарастыруға болады.


Әрине, бұл бағыттағы отандық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі кадрлар даярлауда айтарлықтай жетістіктер де бар. Дегенмен де кадрлар даярлау жүйесін халықаралық талаптармен гармонизациялау үшін әліде тиісті жұмыстар атқаруымыз керек,оның ішінде цифрландыруға да айырқша назар аударуымыз керек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында да (2021 жылғы 1 қыркүйек) цифрландырудың еңбек  нарығындағы рөлін зерделеп айтты: «… Атап айтқанда, Цифрландыру жобасы аясында 100 мың білікті IT – маманын даярлау керек жөнінде тапсырма берілді…»


Техникалық және кәсіптік білім беру мен оқытуды жаңғырту процесі цифрлық экономика мен цифрлық қоғамға көшудің жаһандық процестерінен де туындауда. «Жас маман» жобасы аясында «қондырғылар паркі» жаңартылып атқан 180 колледжді жабдықтау еңбек нарығының сұранысына сай, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге, автоматтандыруға және цифрлыққа  бағытталуда.

1 10


Өйткені әлемдік экономикадағы, қоғамдағы үздіксіз өзгерістер жағдайында кадрлар даярлау жүйесін үнемі жаңғыртып отыру қажет, дәстүрлі форматтар ескіруде. Өз кезегінде, өндірістің трансформациясы кадрлардың кәсіби дағдыларының өзекті болуын, заманауи құрылғыларда жұмыс жасай алуын үнемі қажет етіп тұрады.
«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы тараптынан да тиісті жұмыстар жүргізілуде. Егер цифрлынданыру бағытына тоқталатын болсақ, колледждерге академиялық дербестік беру арқылы білім мазмұнының еңбек нарығының сұранысына сай өзгертетінін ескерсек, біздің тарапымыздан білім бағдарламаларын реестрге (электронды) орналасуы қадағаланатын болады.


Қашықтықтан оқыту форматына көшуге байланысты ТжКБ педагогтары көптеген қиындықтарға тап болды. Сол себепті педагогтерге IT бағыт бойынша жаппай оқытуды ұйымдастырылды, 30 мың жуық педагогтер біліктілігін арттырды. Қазіргі таңда да колледж педагогтері біздің сайт арқылы онлайн режимде курстан өтуде.
Сондай-ақ, Talap сайтында ТжКБ мамандықтары бойынша бейнесабақтар, электронды оқулықтар мен қосымша материалдар берілген. Қазіргі уақытта каталогта 24 100 цифрлық ресурс бойынша сілтемелер ұсынылған, олардың ішінде: 13 757 – бейнесабақтар; 4 005 – электронды оқулықтар, 6 338 – қосымша материалдар. Біздің сайттан жүктеп алуға болады.


Жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеуге бағытталған WorldSkills Kazakhstan қозғалысының аясындағы чемпионаттарда да IT бағыттағы құзыреттіліктер бойынша да сайыстар өткізудеміз.
Жалпы кадр даярлауды жақсарту бойынша, оның ішінде IT құзыреттіліктердің дамуы бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз.



Абдіманап Бектұрғанов,

«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  Президенті

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз