Біздің балалар қайда ойнап жүр?

rparoparoparop Жаңалықтар

Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір қалада 221 ойын, 33 спорт алаңы бар. Олардың біразы жөндеуді қажет етеді.

Өйткені, ұзақ уақыт пайдаланғаннан алаңдардың тозығы жеткен, спорттық құрылғылары сынған. Сондықтан, «100 ауланы жабдықтау» бағдарламасын қаржыландыру бүгінгі қажеттілікке айналып тұр. Бір жақсысы, жергілікті демеуші мекемелер мен тұрғындар қол қусырып отырған жоқ.

Солардың қайырымды істерінің, ұтымды ұйымдастыруларының нәтижесінде «Самал», «Нұрсая», «Химпоселок» шағынаудандарында ойын алаңдары жасақталды. Ал, күні кеше жергілікті кәсіпкер «Химиктер» кентінің балаларына ойын алаңын сыйлап, оларды үлкен қуанышқа бөледі.

Атамыз қазақ «Бала ішегін сүйретіп жүріп ойнайды» дейді. Айтқандай, бөбек атаулының есіл-дерті – ойын. Сол арқылы олардың ойлау қабілеті артып, қоршаған ортаға деген қызығушылығы оянатынын рас. Жүгіріп секіру, барынша қимыл-қозғалыста болу арқылы балдырғандар физиологиялық жағынан жетіліп, дами түседі.

Шіркін, қайталанбас шақ…

Кім-кімнің де балалық балдəурені есінде шығар. Біз бала болып ойнаған 60-70-ші жылдары қазіргідей арнайы тұрғызылатын балалар алаңы атымен жоқ болатын. Бірнеше үйдің ондаған баласы бірігіп бір доппен ойнайтынбыз. Ара-арасында «менің кезегім еді, сен өтіп кеттің» деп, бір-бірімізбен ренжісіп те қалып жатамыз. Балалық шақ сонысымен қызық. Қураған ағаш бұтағын ат қылып шабу арқылы ұлдар сəйгүліктің құлағында ойнап келе жатқандай болса, кішкене қыздар қуыршағын бауырына қыса жүріп, өзінің болашақ ана екенін, үйдегілерге қамқор жан болатынын сезетіндей. Əсіресе, жаздыгүні үй көрмей ойнайтын балалар шаршағанын білмейді. Тіпті, қараңғылық түссе де, үйлеріне барғысы келмейді. Сол себепті де балалар ойнайтын алаңдардың көп болғаны – балаға жасалған қамқорлықтың бірегейі. Атырау қаласының қазіргі жағдайы қандай? Балалардың ойын алаңдары жеткілікті ме? Бұл туралы тұрғындар не дейді? Осы сұрақтардың жауабын оқырманға жеткізбек оймен біраз еңбектендік.

Ақмарал МҰҚАШЕВА, қала тұрғыны:

– Біз тұратын Сырым Датов көшесіндегі 4 үй (№35 а, б, в, г) өз алдына бөлек шағынаудан іспетті. Бір жақсысы, мұнда балалар ойнайтын алаң жақсы жабдықталған. Ересектеу балалар үшін доп ойнайтын қоршалған алаңқай да бар. Төрт үйдің бүлдіршіндері осы жерде асыр салып ойнағанда, ата-аналары еш уайым-қайғысыз жүреді. Ата-əжелер болса, арнайы қойылған орындықтарда таза ауамен тыныстап, балдырғандардың бал қылығын қызықтайды. Балақайлардың бірі турникке тартылса, екіншісі əткеншек тебеді, үшіншілері волейбол, баскетбол, футбол ойнап жатады. Қыс мезгілінде де ойын бір саябырсымайды. Қардан аққала жасап, шана сүйреп, сырғанап мəре-сəре болып жатқандары.

Айзада ИСАҒАЛИЕВА, жас ана:

– Қаламыз күн санап көркейіп келеді. Ақшаңқан үйлер, үлкен құрылыст ар салынуда. Бірақ біз тұратын «Уют» үйінің маңында балалар ойнайтын алаң болмай тұр. Тіпті, сол алаңқайға жер табылмайтын секілді. Кезінде ойластырылмаған ба, əйтеуір, ойын алаңына айналдыра қоятын бос жерді көрмедік-ау. Үйіміздің алды өте тар, жекеменшік көліктер ғана тұрақтайды. Балаларға обал…

Қалиса ЕЛЕЖАНҚЫЗЫ, «Күміс алқа» иегері:

– Атырау қаласының құрылысы қарқынды даму үстінде. Қайда да биік үйлер, тақтайдай түзу жолдар. Құдайға шүкір, қай шаңырақта да қарадомалақтар баршылық. Оларға ойнайтын алаң керек. Ұрпақ саулығын, болашағын ойласақ, жер мен қаражаттан тарылмай, бар жағдайды жасаған дұрыс. Кішкене балалардың басқа жаққа жүгірмей, өз үйінің маңында ойнағаны не тұрады?! Сондықтан, əрбір ата-ана балалар ойнайтын алаңдардың көп болғанын қалайды.

Бар игілік – балаларға

Атырау қалалық əкімдігі баспасөз қызметінің мəліметіне қарағанда, қазір қалада 221 ойын, 33 спорт алаңы бар. Олардың біразы, анығырақ айтсақ, жүз шамалысы жөндеуді қажет етеді. Өйткені, ұзақ уақыт пайдаланғаннан осынау ойын кешендерінің тозығы жеткен, ойын құрылғылары сынған. Сондықтан, «100 ауланы жабдықтау» бағдарламасын қаржыландыру – уақыт талабы. Бір жақсысы, жергілікті демеушілер мен тұрғындар қол қусырып отырған жоқ. Солардың қайырымды істерінің арқасында «Самал», «Нұрсая», «Химпоселок» шағын аудандарының балаларына арналып ойын алаңдары жасақталды. Ал, күні кеше «Лара сервис» ЖШС директоры Сəкен Сейфулла Химиктер кентінің балаларына ойын алаңын сыйлап, оларды үлкен қуанышқа бөледі. Балаға жасаған жақсылық – болашаққа жасаған игілік. Ойынқұмар балалар да, қайырымды ағалар да аман болсын деп тілейміз.

Лиза СЕЙТІМОВА

СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ?

Бəрімізге белгілі, жылдан-жылға тұрғын үйлердің ауласына балалар ойнайтын алаңдар көп салынып жатыр. Бұл, сөз жоқ, балалардың бос уақытын көңілді өткізулеріне көмектеседі. Біздің басқарма тұрғын үйлерді ғана қабылдап қоймайды, осындай ойын алаңдарының да сапасын бақылайды. Қазір əлеуметтік желілерден де жанашыр жандардың жазбаларын оқып отырамыз. Рас, сол жазбалардың арасында түбегейлі қондырылып болмаған балалар алаңдары жайында сын-ескертпелер жазылып жатады. Əрине, бала бəріміздің бауыр етіміз болғандықтан, көпшіліктің мұнша алаңдауының жөні бар деп ойлаймыз. Б і зд і ң м а м а н д а рд ы ң о р ы н д ы ескертулерінен кейін Индердегі балалар спорт алаңы, басқа да ойын алаңдары өзгертіліп жатыр. Бір сөзбен айтқанда, балалар алаңы – олардың ең көп уақытын өткізетін орын. Сол себепті ол ойнауға қауіпсіз əрі ыңғайлы болғаны дұрыс. Біз осы жағына көбірек мəн береміз.

Ринат ЖАНҒЫЛЫШЕВ, Атырау облысы мемлекеттік сəулет-құрылыс басқармасының басшысы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз