Биыл кімдердің мерейтойы аталып өтеді?

madenieet Жаңалықтар

2024 жылы Қазақстанда көптеген тарихи тұлғалардың мерейтойлары аталады. Олардың қатарында белгілі жазушылар, ақындар мен ағартушылар бар, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Осы жылдың айтулы күндерінің бірі – балалар жазушысы, ақын, сценарист Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы тойланады.

Сондай-ақ, қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан белгілі жазушы, аудармашы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толады. Өз заманында ол «Қазақ КСР Халық жазушысы» наградасына ие болды.

Театр және кино режиссері, Қазақ КСР Халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына биыл 110 жыл, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы Әбілхан Қастеевтің туағанына 120 жыл толар еді.

Сондай-ақ айтулы даталар тізімінде – заманауи қазақ әдебиетінің негізін салушы, ақын, жазушы, драматург Ілияс Жансүгіров пен ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы атап өтіледі.

Жазушы, ақын, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл, жазушы, ақын, драматург Жүсіпбек Аймауытовқа 135 жыл, ақын, жырау, әнші, композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл толады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз