Биыл Индер ауданында 90 орындық жаңа балабақша салынады

528add15 f83d 4168 8370 758d1adfa9b9 Жаңалықтар

Индер ауданы Аққала ауылында 90 орындық балабақшаның құрылысы басталуда. Бұл туралы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Алтынбек Габдуллин мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Екі қатарлы заманауи балабақшада асхана, жатын бөлме, ойын, медициналық, мұғалімдер бөлмесі, сондай-ақ логопед және психолог бөлмелері қаралған. Көлемі 1991,21 шаршы метр болатын нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

– Қазіргі таңда облысымыздың түпкір-түпкірінде заманауи талаптарға сай, кең әрі жарық, бүкіл керек-жарағымен толыққанды жабдықталған балабақшалардың саны артып келеді. Биыл сәуір айынан бастап Аққала ауылында да жеке балабақша құрылысы басталуда. Балабақшаның жоба құны 484 млн теңгені құрайды. Ал, жоба қуаттылығы 90 орындық. Нысанға «Гранд Мастер» ЖШС мердігер мекемесі жауапты,-деді А.Габдуллин.

Оның айтуынша, аталған нысан бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, техникалық қадағалушы мекемемен келісімшарт жасақталуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз