«Биліктің қайнар көзі – халық»

screenshot 7 6 Жаңалықтар

  Бүгін –  халқымыз үшін ең маңызды сәт. Өйткені, әр адам ел тізгінін сеніп тапсырар үміткеріне дауыс беріп, қолдауын танытады. Сондықтан, атыраулықтар да саяси науқанда белсенділік танытып, таңғы сағат 7:00-ден бері өз құқықтарын пайдаланып, мемлекет дамуының жаңа қадамына үлестерін қосуда. 

Атырау қаласындағы №16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицейде орналасқан №10 сайлау учаскесіне дауыс беруге келген «QORGAU» құқықтық жобасының Атырау облысы бойынша аймақтық үйлестірушісі Салтанат Рахимова да өзіне берілген мүмкіндікті пайдаланғанын айтады.

–Бұл сайлау – еліміздің алдағы кезеңін, бағыт-бағдарын айқындайтын үлкен саяси іс-шара. Еліміздің экономикалық дамуына, демократиялық үрдістеріне бей-жай қарай алмаймын. Конституциямыздың 3-бабында «Биліктің қайнар көзі – халық» деп тікелей айтылған. Ал, сол билігін халық сайлауда және референдумдарда дауыс беру жолымен жүзеге асырады. Сондықтан, өзіме берілген мүмкіндікті пайдаланып, бүгінгі Президент сайлауында дауыс бердім, – деді танымал заңгер.

Қазіргі сәтте облыста 261 сайлау учаскесі жұмыс жасап жатса, олардың 11-і жабық учаске (ауруханалар, уақытша қамау орны, әскери бөлімше).

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз