БАС МҮФТИ ШАРУАЛАР МЕН САУДАГЕРЛЕРГЕ ҰСЫНЫС ЖАСАДЫ

2021 07 15 102420377400 Жаңалықтар

ҚР Бас Мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан-Айтқа байланысты мал бағасы мен азық-түлік құнын төмендетуді ұсынды.

Бұл туралы Бас Мүфти ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

– Құрбан мейрамының құрметіне сатылатын мал бағасын шарықтатпай, оңтайлы бағамен сатуды ұсынамыз. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға шақырамын, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз