Барлығы 82: Атырауда тағы екі адам Covid – 19 инфекциясына шалдықты

1 31 scaled COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/21 сәуір, 2020 жыл.  «Қазіргі таңда қауіпті дертпен күресіп жатқан науқастар саны 82 адамға жетті» деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.


Қауіпті вируспен тіркелгендердің екеуі де әйел адамдар. 1965, 1968 жылы туған әйел адамдар бұған дейін коронавирусқа шалдыққан науқаспен тығыз байланыста болғаны үшін карантиндік стационарға оқшауланған болатын. Олардан алынған зертханалық сынамалар және диагностикалық зерттеулер нәтижесі Covid – 19 инфекциясын растап отыр.


Бүгінгі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдауда.


Сонымен бірге, емделушілермен байланыста болған адамдар анықталып, оқшауланды. Алгоритмге сәйкес, оқшауланғандар медициналық бақылауда болады.


Инфекция ошақтары дезинфекциялануда.


21 сәуір күнгі жағдай бойынша, Атырау қаласында Covid – 19 инфекциясына шалдыққандар саны 82 адамға жетті.

Ал, Қазақстан бойынша соңғы сағаттардағы мәлімет қауіпті індетке шалдыққандар санының 1995 адамға жеткенін көрсетіп отыр.

Бүгінде 485 қазақстандық қауіпті дертті жеңіп шықты. Өкінішке орай, 19 адам көз жұмды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз