«Балықшы» базары маңы: Жол бойындағы қолайсыздықтар 6 күнге созылады

zhondeu Жаңалықтар

Қазіргі таңда Атырау қаласы Балықшы ықшам ауданынан Зарослый ауылына дейінгі аймақта автомобиль жолдарын қайта өңдеу жобасы жүргізілуде.

 Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінен қазан айының 5-і аралығында «Балықшы» базары маңындағы Құрсай жол қиылысында жылу жүйесін қабаттандыру және қазба жұмыстарының жүргізілуіне байланысты уақытша жол жабылатындығын қала тұрғындарына ескертеміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз