«Балауса» орталық кәріз жүйесіне қосылса…

5822fe2a 8bae 4888 86bc 935224d8c29e Жаңалықтар

Облыс орталығында толассыз жауған жаңбыр суынан тазарту жұмыстары түнгі уақытта да жалғасып жатыр. Арнайы техника жүргізушілері бір үйдің ауласынан вакуум көлігімен бірнеше рет су сорғандарын айтып отыр.

Айталық, «Балауса» шағынауданының белсенді тұрғындары мен еріктілері ең алдымен вакуум көлігін көпбалалы, мүгедек, отбасы асыраушысы жоқ үйлерге жіберіп жатқандарын жеткізді.
–Қыста да қар мөлшері көп болды. Қалалық әкімдік дер кезінде қол ұшын созып, көмектесті. Тракторлар тәулік бойы жұмыс істеді. Әрине, қазіргі жағдайда вакуум көліктері, арнайы техникалар жетіспей жатқандығын көріп, естіп отырмыз. Сондықтан, жағдайға түсіністікпен қараймыз. Осы шағынауданда өзім 10 жылдан бері тұрамын. Біз көшіп келген кезде небары 3-4 үй болатын. Қазір олардың саны жүзден асты, бірнеше көшеміз бар. Сол себепті, біздің шағынауданды орталық кәріз жүйесіне қосу керек деп есептеймін, – дейді Балауса шағынауданының тұрғыны, ерікті Алмагүл Ықсанова.


Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз