Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жаңбырлы болады

Жаңалықтар

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Тек батыс, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі деп хабарлайды Хабар арнасы.

pogudx5i63cu4oboh.2f7d434c

Кей жерлерде тұман, екпінді жел соғады. Жамбыл облысында түнде тұман бақыланып, күндіз желдің  15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз