«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНДА – ЖАҢА ТӨРАҒА

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Атырау облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиын барысында партияның Атырау облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды.

 

Конференция жұмысына «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары Т.Сыдыхов қатысып, партияның мақсаты әлемдік дағдарысқа қарамастан, экономикалық өсімді, халқымыздың әлеуетін жақсартуды қамтамасыз  ету  болып  табылатынын айтты.

– Еліміздің  экономикалық дамуы ауыл шаруашылығына тікелей байланысты. Сондықтан, ауыл тұрғындарының  әділетті еңбекақысы төленіп,  ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өніміне нақты баға берілуі қажет, – деді Т.Сыдыхов. Сондай-ақ, ол жиын барысында ауыл тұрғындарының еңбекақысын өсіру жайында мәселе көтерді.

Партияның қалалық және аудандық филиалдарынан барлығы 99 өкіл қатысқан конференцияда партияның облыстық төрағасы болып А.Сәрсемалиев сайланды. Және бір айта кетерлігі, бүгінгі таңда «Ауыл» партиясында қайта тіркелу жұмыстары жүруде. 

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз