Аудандарда – 34 жоба

doroga strojka aktobe atyrau maj 1 Жаңалықтар

Тасжол төсеуге байланысты биыл аудандарда 34 жоба қолға алынған. Олар Махамбет, Мақат, Индер, Қызылқоға, Исатай және Құрманғазы аудандарына тиесілі.

Махамбет ауданының орталығында екі кезеңде, осындағы Жалғансай, Сарайшық елдімекендеріндегі ауылішілік жолдарға, Талдыкөл мен Ақтоғай ауылдарының кірме жолдарына күрделі жөндеу жүргізіледі.

Мақат ауданының орталығы мен Доссордағы кентішілік жолдар қайта жаңғыртылады және екі жоба ауқымында 39,3 шақырым жолды күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Сондай-ақ, Индер ауданына қарасты Өрлік елдімекеніндегі ауылішілік көлік пен жаяу жүргіншілер жолымен бірге күрделі жөндеумен қамтуға жеті жоба (38,1 шақырымға есептелген) жасақталуда. Мұның да тиісті құжаттары әзірленуде.  

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз