Атыраулықтар #birge #TazaQazaqstan» экологиялық акциясына қатысты (+ВИДЕО, ФОТО)

WhatsApp Image 2019 07 27 at 18.15.27 Жаңалықтар

Atr.kz/29 шілде, 2019 жыл. Атырауда өткен #birge# TazaQazaqstan» экологиялық акциясына 8 мыңға жуық тұрғын қатысты.

https://youtu.be/CridZoxcZtk

27-ші шілдеде Атырау қаласында « #birge# TazaQazaqstan» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Санитарлық тазалыққа 8 мыңға жуық қала және қала маңындағы ауылдық округ тұрғындары, соның ішінде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын, өнеркәсіп ұжымдары сондай-ақ, еріктілер тобы қатысып, 37-ден астам техника жұмылдырылды.

WhatsApp Image 2019 07 27 at 18.15.25

Науқан барысында Жайық өзені және қала аумағындағы барлық су тоғандарының жағалауларын ірілі-ұсақты қоқыс қалдықтарынан тазарту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 17 тонна қоқыс жиналып алынды.

WhatsApp Image 2019 07 27 at 18.15.26 1

– Атырауда санитарлық тазалық науқаны басталғалы бері қала және аудан тұрғындары бір ауыздан қолдауда, Жайық өзені жағалауларын және су тоғандарын жалпы қаланы тазалауға бүгін 8-мыңға тарта тұрғын атсалысты. Сондықтан барлық сенбілікке қатысушыларға облыс әкімдігінің атынан алғысымды айтамын.

WhatsApp Image 2019 07 27 at 18.15.27 1

Және де қала аумағына санитарлық тазалық жүргізу жұмыстары мұнымен шектелмейді. Жоспарға сай әр айдың үшінші аптасында сенбілік ұйымдастырылатын болады», – дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

#birge #TazaQazaqstan

WhatsApp Image 2019 07 27 at 18.15.26
WhatsApp Image 2019 07 27 at 18.15.28
WhatsApp Image 2019 07 27 at 18.15.28 1
WhatsApp Image 2019 07 27 at 18.15.28 2
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз