Атыраулық фельдшер 20 жасар әйелді «жедел жәрдем» көлігінде босандырып алды

img 20210109 wa0034 scaled 1 Жаңалықтар

Анықталғандай, небәрі 26 жастағы Мағжан Сүйіндіков Атырау жедел жәрдем стансасында фельдшер болып жұмыс жасайды екен.

Қалаға қарасты Еркінқала ауылынан шақырту түскен бойда арнайы №25 бригада 10 минутта жетіпті. Сөйтіп, облыстық перинаталды орталыққа бағыт алған. Бірақ, оған жетпей әйел дүниеге салмағы 3200 келі, бойы 48 сантиметр торсықтай ұл әкеліп үлгерген. Бұл бақытты отбасының екінші сәбиі екен.

«Осы орайда, Бақытгүл Жалғасова мен жүргізуші Роман Мұсағалиевтың да еңбегін атап өткім келеді. Өзім осымен «жедел жәрдем» көлігінде төртінші сәбиді босандырдым. Бәрі сәтті болды. Бірақ, соған қарамастан жүкті әйелдерге ертерек хабар берсе деп кеңес беремін» дейді Мағжанның өзі.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз