Атыраулық шаруалар шөптің аздығы мен ұрының көптігінен шаршағандарын айтты

oangege Жаңалықтар

Тек Атырау облысы емес, бүкіл республикада мал ұрлығы күрделі проблемаға айналды. Адал еңбекпен баққан малының пайдасын даладағы біреудің көруі мал иесін ашындыратыны да рас. Мал иелерінің дені ұрланған малдың ізім-қайым жоғалып, орнын сипап қалатынын айтады.

Әбден дәніккен әккі ұрылардың өрісте жүрген малды өзінікіндей көріп, қорада қалғанын олжадай сезініп, еркін қимылға баратынын қайтерсіз. Оның үстіне бала-шағаның ырыздық-несібесі деп тер төккен елге жанашыр болып, жоғын түгендеп беруге де құлықсыздық белең алғаны тағы бар.

Бұған ызалы ауыл тұрғындары әсіресе, соғым уақытында ұрлық саны арта түсетінін байқаған. Олар ұрлықтың ілуде біреуі ғана болмаса, дені таптырмай кететінін де жасырмайды. Соны ойлаған тұрғындар қорадағы қойдың қамын ойлап, жиын-тойға да ауысыммен баратын болыпты. Ата-анасына жанашырлық білдіріп, «қызық көрер шағы ғой, шаруаны өзіміз-ақ үйлестіре тұрармыз» дейтін жастар да жоқ. Қазір табиғат өзгеріп, шабындық пен өрістің тарылғаны да анық. Жиған-тергенін шөп сатып алуға жұмсаған жұрт не істерін білмей дал.

Тіпті, ауыз толтыра ет асап, сүйсініп сүт ішу, құмартып құрт тістеп, жал мен жаяға бөгіп отыру да оңайлықпен жүзеге аса қоймайтын болған. Бақташысы жоқ ауылды басынып, мал иелерін сорлатып кететін ұры-қарылар ісі адамшылдықтан ада. «Дәніккеннен құныққан жаман» деген осы болар, сірә!? Қызылқоға ауданының Қоныстану ауылында сайлау өткен күннің түнінде бір үйдің қорасынан қой ұрланған. Ауылдағы ағайыннан білгеніміз, ұрылар бақташымен келісіп алып, өздеріндегі ақсақ-тоқсақ, күйі кеткен малды қоңды малға ауыстырып алып кетеді екен. Бір ғажабы, – баукеспелердің ісі ашылмай, сол күйі қала береді, ал мал иесі әуресарсаңға салынады.

Бұл өңірде осы тақырыпқа қатысты қызық оқиға да болған. Сонау жылдары «өз айғырым» деген оймен даладан қайырып, жүгендеп алып кеткен бәзбіреулер ауылдық округ әкімдігінде өткен сотта салғыласып, сөз түйінін таппаған соң ата дәстүріне жүгініпті. Тұрғындар үйірде болған биені алып келгені солақ екен, әлгі айғырмен кісінесіп табысқан. Ал, қазақы қалыппен көрші ауылдан келген топ мал иесінің шаңырағынан шай ішіп, татуласыпты.

Қынжылтатыны, қазір бураны інгенмен, бұқаны сиырмен іздеп, қошқар мен текені отардан түгендеп жүретін уақыт емес. Сондықтан, астында көлігі, интернеті жанында жүрген полиция қызметкерлерінің қызметіне көңілі толмайтын халықтың базынасы да естіліп қалып жүр. Атырау облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Абай Жұмабаевтың дерегінше, жыл басынан бері Исатай, Қызылқоға, Махамбет және Жылыой аудандарынан мал ұрлығына қатысты арыз-шағым түскен. Оның 2-еуі анықталып, қылмыс толықтай ашылыпты. Бақса, қылмыспен ұсталғандар жергілікті тұрғындар екен.

  • – Былтыр 30 қазанда Атырау облыстық мәслихатының №485- VI шешіміне сәйкес «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидалары» бекітілген еді. Өйткені, өрістегі малдың қараусыз қалатынын айта кету керек. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабына сәйкес, 124 тұлғаға ескерту беріліп, айыппұл салынды. Былтыр мал ұрлығының көрсеткіші 60%-ды құрап, 3 рет жедел алдын алу шарасы өтті. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 406-бабына сәйкес, автокөлік жолдарында мал тасымалдайтын көліктерді тексеру нәтижесінде олқылықтар анықталып, 112 хаттама толтырылды.

Биыл да ақпан айынан бастап жедел профилактикалық ш а р а ж а л ғ а с а д ы . Ке й д е тұрғындар жоғалған малына екі-үш айдан кейін іздеу салып, хабарласып жатады. Бұл істің тез ашылуына кедергі келтіреді. Учаскелік полицейлер ауыл тұрғындарының әлеуметтік желілеріндегі чаттарға қосылған. Егер дер кезінде осы чаттарға жазып, сұрау салса олармен тығыз байланыс орнаған болар еді, – дейді бөлім бастығы.

Былтыр жыл басында 15 ұрлық тіркелген. Осы көрсеткішпен салыстырғанда, биыл мал ұрлығы 73%-ға төмендегенін аңғаруға болады. А.Жұмабаевтың айтуынша, тұрғындардың жайылымдағы малды қараусыз қалдыруы олардың ұрлануына бірден-бір себеп. Жасыратыны жоқ, тұрғындар меншігіндегі малды жергілікті ә к і м д і к т і ң д е р е к қ о р ы н а енгізбейді. Бұл да жоғалған малды іздеуге қолбайлау. Сол себепті өрістен ұрланған сырғасы жоқ түлікті даулау да қиындық тудырады. Қазір ет және ет өнімдері базарлар мен дүкендерге мал базарлары арқылы келеді. Сондықтан, қаладағы малды мал базары арқылы өткізудің талаптарын да сұрастырдық. «Тума» базарының әкімшісі Айгүл Тұқпатқызы біз барған жексенбі күні ғана мұнда 150-ге жуық мал келгенін жасырған жоқ.

  • – Базарға құжатсыз мал келмейді. Құжатта неше бас көрсетілсе, сонша бастың сырғасы жазылуы міндетті. Егер сәйкестік болмаса, базарға кіргізуге рұқсат жоқ. Бұрынғыдай емес, қазір тәртіп едәуір қатаңдатылды. Сатушы соятын малына жергілікті мал маманынан «№1 нысан» анықтамасын алуы тиіс. Ол үшін учаскелік полиция қызметкері өз малы екенін куәландыратын анықтама береді.
  • Бізге келгенде соның бәрін мұқият тексереміз. Мал базарына тексеру жүргізіліп тұрады. Әсіресе, соңғы үштөрт жылда мұндай жұмыстар жиіледі. Прокуратура алдын-ала хабарлама жіберіп, қадағалау жұмыстарын жасайды. Базарда ветеринар, одан бөлек лаборатория дәрігері, қызметкерлердің жұмысымен танысып отыратын инспектор бар. Әр малдың басына 100 теңгеден ақша төлейді. Әдетте, сенбі, жексенбі, дүйсенбі күндерінен басқа күндері мал көп келеді. Көбінесе Қызылқоға, Құрманғазы, Индер аудандарынан, сосын Батыс Қазақстан облысынан мал әкелінеді, – дейді базар әкімшісі.

«№2 нысан» деп аталатын анықтама арқылы сойылған малдың еті өлшеніп, «Көктем», «Дина», «Сарайшық» базарларына жөнелтіліп отырады екен. Жергілікті жігіттерден құралған қасапшылардың қызметі үшін сатушы 2000 теңге төлейді. Же ке л е г е н т ұ т ы н у ш ы л а р садақаға, той-томалаққа мал алады. Қарттар үйі, балалар үйі сияқты мекемелерге арнайы қағаз жазып жіберіледі екен. Айгүл Тұқпатқызы ұрланған малдың даладан сойылып, тіпті жіліктеліп базарға тікелей келуі де мүмкін екенін жоққа шығармайды. Мәселенің түбегейлі шешімін табуын осы іспен шұғылданатын органдардың жауапкершілігіне қалдырдық. Өйткені, мал ұрлауды кәсіпке айналдырған арнайы топтар барын ел біледі. Өкінішке орай, «ұсталмаған – ұры емес». Бөтеннің мүлкіне қол сұққанның жазасыз қалмайтыны анық.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Коллажды жасаған: Дәурен МҰХАМБЕТАЛИЕВ

  • БЫЛТЫР 30 ҚАЗАНДА АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ №485-VI ШЕШІМІНЕ СӘЙКЕС «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫН ЖАЮДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ» БЕКІТІЛГЕН ЕДІ. ӨЙТКЕНІ, ӨРІСТЕГІ МАЛДЫҢ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛАТЫНЫН АЙТА КЕТУ КЕРЕК. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КОДЕКСТІҢ 408 БАБЫНА СӘЙКЕС, 124 ТҰЛҒАҒА ЕСКЕРТУ БЕРІЛІП, АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз