Атыраулық құтқарушылар батпаққа батқан көліктен 4 адамды эвакуациялады

8754y Жаңалықтар

Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне бүгін Атырау қаласы, Тасқала ауылынан шамамен 40 шақырым жерде автокөліктің балшыққа батып қалғаны туралы шақырту түскен.

Құтқарушылар дереу шақырту орнына жеткен кезде «Уаз» автокөлігінің балшық жерге батып шыға алмайтынын және ішінде 4 адам барын анықтады.

«Құтқарушылар 4 адамды жол талғамайтын көлігімен («ТРЭКОЛ») Атырау қаласына жеткізді. Авариялық-құтқару жұмыстары кезінде зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық – құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 4 қызметкері мен 1 бірлік техникасы (ТРЭКОЛ) жұмылдырылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз